10.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада әлемге әйгілі композитор әрі пианист Стив Баракатт өнер көрсетті

|
Photo: фото: t.me/madenietaqparat
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада әлемге әйгілі композитор әрі пианист Стив Баракатт өнер көрсетті

|
Photo: фото: t.me/madenietaqparat

Халықаралық әйелдер күніне орай «Астана Операда» әлемге әйгілі композитор әрі пианист Стив Баракатт өнер көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онымен бірге сахнаға 125 музыкант, вокалист және балет әртістері шықты. Осылайша, Стив Баракатт «Астана Операның» Үлкен залы сахнасында өз туындыларын таныстырған алғашқы солтүстік америкалық композитор әрі пианист болды. 

Бұл өнер көрсету дирижер Элмар Бөрібаевтың басқаруындағы «Астана Опера» Симфониялық оркестрі, балалар хоры және балет труппасы қатысатын көпбейінді көркемдік әріптестікке айналды. 

Néoréalité әлемдік турының аясындағы бағдарламада C.Баракаттың ең айтулы композициялары ұсынылды, оның ішінде Néoréalité, «Көкке самғаймын», «Отан», «Ливан қарағайлары», «Бесік жыры» (ЮНИСЕФ гимні) және оның жоғары бағаланған Ad Vitam Aeternam симфониясынан бірнеше бөлімдер бар. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗