Елордада Конституция күніне орай бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді
29 тамыз, 2024
Фото: Elordainfo.kz/Оңалхан Өнерхан
30 тамыз күні Ботаникалық бақта ҚР Конституциясы күніне арналған бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Жарысқа қатысқысы келетіндер 30 тамызда сағат 07:00-ден 08:00-ге дейін тегін тіркеле алады. Жарыстың өзі 08:00-де басталады.
Жарысқа қашықтықты еңсере алатын барлық ниет білдіруші шақырылады:
Үлкен жарыс – 4000 м;
Кіші жарыс – 1300 м.
Іс-шара аяқталғаннан кейін тіркелген қатысушылар арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны өтеді.
Айта кетейік, бұқаралық жүгіру спорттық іс-шара болып саналмайды.

Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
LRT-ның екінші кезеңі: Қосшы бағытындағы алғашқы баған дайындалды
3 мамыр, 2026
Астанадағы жәрмеңкеде өңірлерден келген 30-ға жуық кәсіпкер өнімін ұсынды
3 мамыр, 2026
Астанада қала сыртындағы айналма жолдың бір бөлігі жабылады
3 мамыр, 2026
Астанада 440-тан астам студент әскери ант қабылдады