13.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада демалыс күндері ет жәрмеңесі өтеді

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада демалыс күндері ет жәрмеңесі өтеді

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Алдағы сенбі-жексенбі күндері (15-16 қараша) Астанада ет жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алаш тасжолы бойында орналасқа «Керуен жолы» базарындағы ет жәрмеңкесіне Абай, Ақмола, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының шаруалары қатысады. Фермерлер ірі қара етін делдалсыз саудалайды.

«Біз мұндай форматтағы ет жәрмеңкесін өткен жылы да өткізгенбіз. Халықтың сұранысы жоғары. Осы уақытта халық соғымға келілеп емес, ірі-қараны тұтас етімен алады. Өңірдегі төрт түлік асырап отырған ағайын осында келіп етті делдалсыз сатады. Сондықтан баға да арзан», - деді ет жәрмеңкесін ұйымдастырушы Айтуған Күзембаев.

Алдағы жәрмеңкеде ірі қара еті 2 700 теңгеден бастап 3 000 теңгеге дейін сатылмақ. Мұнда еттен бөлек әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қатарына жататын өнімдерді де арзан бағада алуға болады.

Айта кетейік, «Керуен жолы» базары сауда заңнамасындағы талаптарға сай салынған елордадағы заманауи сауда нысандарының бірі. 12 мың шаршы метрді құрайтын базар ет сақтайтын арнайы мұздатқыштармен, лаборатория, келушілер үшін кең көлік тұрағымен қамтылған.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗