Елорда тұрғыны ұрланған бұйымды сүйіктісіне сыйлаған
22 тамыз, 2024
фото: Polisia.kz
Елорда тұрғыны бұрынғы қызынан ұрлап алған бағалы білезікті жаңа сүйіктісіне сыйға тартқан, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданы ПБ қызметкерлері 23 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Ол бұрынғы қызының сенімін пайдаланып, үйіне қонған кезде бағасы 200 мың теңге тұратын Pandora білезігін ұрлаған.
Оқиға желісі бойынша жәбірленуші тұрғын жігітінің қазіргі қызының әлеуметтік желіге жариялаған фотосынан таныс бұйымды көрген. Яғни арызданушы қымбат білезігінің жоғалғанын бір аптадан кейін ғана байқаған. Ол өзінің білезігі ұрланғанын нақты білген соң, дереу полицияға арызданды.
Елорда тұрғыны жасаған қылмысын мойындады. Полицейлер білезікті тәркілеп, иесіне қайтарды.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Теңіз кенішінде істеген 30-ға жуық шетелдік ел аумағынан шығарылды
2 мамыр, 2026
Түркістан облысында көпір бұзылып, демалушылар өзеннің арғы бетінде қалып қойған
2 мамыр, 2026
Алматыда үш жасөспірім түнде таудан түсе алмай қалған
2 мамыр, 2026
Астанада абаттандыру ережелерін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды