Референдум-2026

Елімізде «Шабыт» шығармашыл жастар байқауына өтінім қабылдау басталды

Бүгін, 12:04
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елімізде «Шабыт» шығармашыл жастар байқауына өтінім қабылдау басталды
Фото: Magnific.соm

«Шабыт-2026» шығармашыл жастар байқауына өтінім қабылдау басталды, оның аясында алғаш рет «Астанаға арнау» арнайы бағыты енгізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл бағыт Астана мен оның тарихына, бүгінгі келбеті мен болашағына арналған шығармаларды қолдауға бағытталған.

«Астанаға арналған әннің авторы немесе елорданың рухын, көркін және жарқын болашағын жырлайтын жаңа туынды жазған кез келген талант иесі «Астана туралы әндер» номинациясы бойынша байқауға қатыса алады», – делінген хабарламада. 

Байқауға қатысу үшін оның ресми сайты арқылы онлайн өтінім беріп, өз шығармасын жолдауы қажет.