Электрондық аудит бюджет қаражатын жұмсауда 60 млрд теңге көлеміндегі бұзушылықтарды анықтады
Қазақстанда электрондық аудит 2021 жылы енгізілді және қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі мен жеделдігін көрсетіп қана қоймай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуда маңызды рөл атқарды, деп хабарлады Elordainfo.kz ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясына сілтеме жасап.
Электрондық аудитті енгізу есебінен тексерілетін объектілермен тікелей байланыс, сондай-ақ бір аудиторға іссапар шығындарын 4,5 есеге жуық үнемдеу алынып тасталды.
Негізгі аспект – цифрлық деректерге қол жеткізу.
Қазіргі ақпарат көзі – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның жүйелері.
«Мысалы, Қазынашылық мәліметтерін пайдалана отырып, Мемлекеттік мекемелердің тәуекел төлемдерінің әзірленген бейіні шеңберінде электрондық аудитпен 2024 жылы өтеуге және қалпына келтіруге жататын 26 млрд теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар тіркелді», - деп хабарлады ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Биыл онлайн бюджеттік мониторингпен мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды орындау шеңберінде 1 трлн теңгеден астам 5 мыңға жуық бюджеттік аударымдар анықталды, 184,2 млрд теңге болатын 694 тәуекел төлем анықталды. Нәтижесінде аудиторлық іс-шаралар кезінде шамамен 60 млрд теңге болатын қаржылық бұзушылықтар тіркелді. Бұдан басқа, жеткізушілерге міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін 237 млн теңгеден астам тұрақсыздық айыбы есептелді.
Сондай-ақ, ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мемлекеттік кірістер органдарының деректеріне қолжеткізуге қосымша мүмкіндік беріп отыр. Мысалы, электрондық шот-фактуралар және Smart Data Finance. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы, е-Saqtandyru, ұлттық білім беру дерекқоры және Smart Data Ukimet сияқты ақпараттық жүйелердің ведомствоаралық интеграциялық өзара іс-қимылы бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Бұл бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін, сапасын және бақылауды күшейтеді», – деді Ержан Мыңжасаров.
«Мемлекеттік жоспарлау» ақпараттық жүйесінің онлайн бюджеттік мониторинг институты 2026-2028 жылдарға арналған бюджет қаражатын 1,5 трлн теңге сомаға асыра және негізсіз жоспарлау фактілерін анықтауға және жолын кесуге мүмкіндік берді.
Әлеуметтік салада төлемдерді қашықтан мониторингтеу және цифрлық ден қою шараларымен 1,4 млрд теңгеге жалақы төлеу кезінде алаяқтық схемалардың жолы кесілді.
Сонымен қатар, онлайн бюджеттік мониторинг білім беру саласында жалақы түріндегі көпжылдық жүйелі жымқырудың жолын кесуге мүмкіндік берді.
ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаровтың айтуынша, бухгалтерлер жүргізетін қаржылық манипуляциялар екі негізгі топқа жіктеледі – бұл алушыларды ауыстыра отырып, жалған есептеулер жүргізу және жалақы төмен болғанда, жоғары төлемдер жасау.
«Мәселенің маңыздылығын ескере отырып, әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін бұл бағыт Комитеттің ерекше бақылауында. Жалақыны тәуекелді аудару туралы тиісті хабарламалар автоматты түрде жасалады және «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінен тікелей мониторинг объектілеріне және оның жоғары тұрған әкімшісіне жіберіледі. Бұл техникалық шешім деректерді өңдеудің жалпы уақытын едәуір қысқартуға және аудиторларға жүктемені азайтуға мүмкіндік берді»,-деді ол.
Спикердің айтуынша, «Онлайн бюджеттік мониторинг» модуліне бюджетке өтеу туралы фискалдық деректердің дұрыстығын қайта тексерудің жаңа функционалы енгізілді. Енді мониторинг объектілері бюджетке қаражат төлеуді дәлелдейтін құжаттық дәлелдемелерді ұсынуға уақыт жұмсамайды, жүйе ақпаратты автоматты түрде алып, салыстырады.
Еске салайық, бұдан бұрын мемлекеттік органдар Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарын орындау бойынша тоқсан сайын есеп беретіні туралы хабарлаған едік.