Екі қазақстандық төреші күрестен Хорватияда төрелік етеді
3 маусым, 2025
фото: Olympic.kz
Біріккен күрес әлемі (UWW) 2025 жылы Хорватияның Загреб қаласында өтетін әлем чемпионатына төрешілерді тағайындады, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ұйым жариялаған тізімге Қазақстаннан екі төреші енді. Алдағы әлем біріншілігінде белдесулерді Игорь Лигай мен Ерік Жұмабеков жүргізетін болады.
Әлем чемпионаты 13–21 қыркүйек аралығында өтеді.
Айта кетейік, өткен жылы қазақстандық мамандар Парижде өткен Олимпиада ойындарына төреші ретінде шақырылған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
21 желтоқсан, 2025
Мәскеуден келген жас спортшылар «Барыстың» ойынын тамашалады
21 желтоқсан, 2025
Елордада еліміздің үздік көркем гимнасшылары шеберлік көрсетті
21 желтоқсан, 2025
Астанада Мәскеу күндері аясында дзюдодан жолдастық кездесу өтті
20 желтоқсан, 2025
Елордада «Хан Шатыр» сауда орталығында көркем гимнастикадан ашық фестиваль өтті