Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне алғыс айтты
10 наурыз, 2025
фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Димаш Құдайберген тыңдармандарына жол тартқан жаңа бейнебаянының қараламы артып жатқанына байланысты алғыс айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Жаңа бейнебаяныма қолдау көрсеткен барша жанкүйерлеріме алғыс айтқым келеді. Пікірлерге қарағанда, менің шетелдік тыңдармандарымның белсенділігінің арқасында жаңа бейнебаянымыздың таралымы мен қаралымы көбейіп жатыр»,- деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сонымен қатар Димаш Құдайберген жақын арада аталған бейнебаянның екінші бөлімін аяқтайтынын айтты.
«Сондай-ақ, жақын арада бейнебаянымыздың екінші бөлімін аяқтайтынымыз туралы да айта кетейік. Жақын достарыма @llightproductionжасаған жұмыстарыңыз үшін алғысымды айтамын!» – деп жазды ол.
Ұқсас жаңалықтар
12 қараша, 2025
Танымал блогер Елдос Қадырханов әке атанды
3 қараша, 2025
«Бақыт құшағында» мюзиклі Парижде үздік дебют атанды
31 қазан, 2025
Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концертіне байланысты маңызды мәлімдеме жасады
19 қазан, 2025
«Он күн нәр татпадым»: Салтанат Бақаева пышаққа түскенін айтты