12.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Дәрігерді соққыға жығу әрекеттеріне жаза күшейтіледі

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Дәрігерді соққыға жығу әрекеттеріне жаза күшейтіледі

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Парламент Мәжілісі «ҚР Қылмыстық кодексіне және ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарап жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Бұл маңызды заң жобасы дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қорғау үшін әзірленді. Онда медицина өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны айтарлықтай қатаңдату жөніндегі нақты нормаларды ұсындық. Соңғы жылдары мұндай жағдайлар көбейіп барады. Бір дәрігер жұмыс орнында соққыға жығылса, тағы бірі жедел жәрдем шақырған үйден қорлық көрді. Осындай көріністерге жол беруге болмайды», — деді депутат Асхат Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда ол Мемлекет басшысы бұл мәселені бірнеше рет көтеріп, тисті тапсырма бергенін еске салды.

«Осы жазда да Президент депутаттардың бастамасын қолдап, Үкіметке нақты тапсырма берген еді. Сондықтан Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», — деді депутат.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗