Былтыр 94 елдімекен табиғи газға қол жеткізді - вице-министр

Былтыр 94 елдімекен табиғи газға қол жеткізді - вице-министр
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Елімізді газдандыру 2035 жылға дейінгі бекітілген Қазақстан Республикасын газдандырудың Бас схемасы аясында жүзеге асырылады. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша газдандыру деңгейі 62,4%-ды құрады немесе 12,6 млн адам табиғи газға қол жеткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіне Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 354 мыңнан астам адам немесе 94 елдімекен табиғи газға қол жеткізді. 2 000 шақырымнан астам газ құбыры салынды, 82 газбен жабдықтау жобасының құрылысы аяқталды.

«2026 жылғы 1 қаңтарда газдандыру деңгейі 64,2%-ға жетті немесе 20,5 млн адамның 13,1 млн адамы табиғи газға қол жеткізді», - деді спикер.

Еске сала кетсек, енді eGov Mobile қосымшасында газ есептегіш көрсеткішін онлайн жолдауға болады.