Референдум-2026

Бүгін елімізде Спорт күні аталып өтеді

16 тамыз, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Бүгін елімізде Спорт күні аталып өтеді
Коллаж: Elordainfo.kz

Қазақстанда жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні атап өтіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бұл – еліміздің көк туын халықаралық жарыстарда желбіретіп жүрген кәсіби спортшыларға ғана емес, спортты өмір салтына айналдырған барша азаматқа ортақ мереке.

Бүгінде Қазақстанда спорт саласын дамытуға, әсіресе балалар мен бұқаралық спортты қолдауға басымдық беріліп отыр. Өңірлерде жаңа спорт нысандары салынып, спорт секцияларының қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл бастамалардың барлығы азаматтардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасап, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға бағытталған.

Спорт күні құтты болсын! Барша спортшыларға және спорт сүйер қауымға толағай табыс, жаңа жеңістер тілейміз!