Бүгін Астанада ауа райы қандай болады

18 ақпан, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазгидромет 18 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Астанада көшпелі бұлт шығады, аздаған қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болуы ықтимал, жаяу бұрқасын соғады.

Оңтүстік батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді. 

Күндіз ауа температурасы  0,+2°C.