Референдум-2026

Бокстан Азия чемпионатына баратын қазақстандық спортшылар белгілі болды

Бокстан Азия чемпионатына баратын қазақстандық спортшылар белгілі болды
Фото: ҚР ҰОК

3-16 шілде аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтетін бокстан U19 және U23 жас санаттары арасындағы Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрлық біріншілігінде ел намысын U19 және U23 санаттарында ерлер мен әйелдер құрамалары қорғайды.

U23 ерлер:

50 келіге дейін – Нұрзат Оңғаров;
55 келіге дейін – Бексұлтан Боранбек;
60 келіге дейін – Нұрасыл Төлебек;
65 келіге дейін – Асылхан Көшербай;
70 келіге дейін – Нұрбек Мұрсал;
75 келіге дейін – Аман Қонысбек;
80 келіге дейін – Өнер Сейілхан;
85 келіге дейін – Темірлан Мұқатаев;
90 келіге дейін – Ибрагим Битаев;
90 келіден жоғары – Аслан Елдібайұлы.

U23 әйелдер:

48 келіге дейін – Гүлназ Бөрібаева;
51 келіге дейін – Анита Адишева;
54 келіге дейін – Сымбат Әлиасқар;
57 келіге дейін – Ұлжан Сәрсенбек;
60 келіге дейін – Аяжан Ермек;
65 келіге дейін – Аружан Жаңабаева;
70 келіге дейін – Азиза Исина;
75 келіге дейін – Шұғыла Нәлібай;
80 келіге дейін – Құралай Егінбайқызы;
80 келіден жоғары – Панар Сейітханқызы.

U19 ерлер:

50 келіге дейін – Әділ Асқанбай;
55 келіге дейін – Едіге Нұрғожа;
60 келіге дейін – Досжан Жұмақан;
65 келіге дейін – Ақжүрек Қалабай;
70 келіге дейін – Бибарыс Әшірбай;
75 келіге дейін – Хамза Мақсатұлы;
80 келіге дейін – Тимур Тайбеков;
85 келіге дейін – Руслан Ахметов;
90 келіге дейін – Жалғас Утебеков;
90 келіден жоғары – Владислав Саможонов.

U19 әйелдер:

48 келіге дейін – Мадира Жұмақан;
51 келіге дейін – Жадыра Қалтай;
54 келіге дейін – Марал Төлепберген;
57 келіге дейін – Ақнұр Тұрсынғали;
60 келіге дейін – Жасмин Абрамян;
65 келіге дейін – Айсұлу Мұхит;
70 келіге дейін – Камила Оспанова;
75 келіге дейін – Алтынгүл Аймұхан;
80 келіге дейін – Айдана Убайдуллақызы;
80 келіден жоғары – Зарина Толыбай.

Азия чемпионаты 3-16 шілде аралығында Джакартада өтіп, құрлықтың үздік жас былғары қолғап шеберлерін анықтайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін астаналық спортшы Нұрислам Бақтыбаев Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында U15 санатында алтын медаль жеңіп алған еді.