06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасының ширек финалына шықты

|
Photo: коллаж Elorda.info
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасының ширек финалына шықты

|
Photo: коллаж Elorda.info

Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі) Олимпиада ойындарындағы екінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады, деп хабарлады Elorda.info

 

1/8 финалда Базарбайұлы Азия ойындарының күміс жүлдегері, тайпейлік Лай Чжуэнмен жұдырықтасты. 

Алғашқы раунд жақын қашықтықта өтіп, қазақстандық спортшы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Екінші раундта да тура осы есеп тіркелді. 

Соңғы әрі шешуші раундта екі боксшы да аянып қалған жоқ. Төрешілер басымдықты Базарбайұлына беріп, қазақстандық боксшы келесі айналымға өтті. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗