Балуан Болат Сақаев Албанияда қола медаль жеңіп алды
26 ақпан, 2026
Фото: uww.org
Қазақстан құрамасы еркін күрестен Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан рейтингтік турнирде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.
86 келіге дейінгі салмақта Болат Сақаев жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Ол жартылай финалға дейін жетіп, бұл кезеңде Грекия спортшысы Георгиос Куюмцидиске есе жіберді.
Қола жүлде үшін өткен белдесуде Болат Сақаев түрікменстандық Алп Арслан Бегенджовтан басым түсті.
Ұқсас жаңалықтар
21 маусым, 2026
Әлем чемпионатының Америкада өтуі бар сезіміңді су сепкендей басады - Монсон мықтап тұрып айтты
21 маусым, 2026
Қазақстанның пара-каратэ командасы Азия чемпионатында жалпы есепте топ жарды
21 маусым, 2026
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды
20 маусым, 2026
Еліміздің сегіз боксшысы Әлем кубогының жартылай финалына шықты