Бакуде гимнастикадан Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар тізімі жарияланды

Бакуде гимнастикадан Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар тізімі жарияланды
Фото: ҰОК

Халықаралық гимнастика федерациясы Әзербайжанның Баку қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Халықаралық турнир 5-8 наурыз аралығында өтеді.

Қазақстан құрамасының сапына мына спортшылар енді:

- Милад Карими
- Нариман Курбанов
- Дмитрий Патанин
- Диас Тойшыбек
- Зейнолла Ыдырысов
- Эвелина Ежова
- Радмилла Тарасова

Еске сала кетсек, Астанада семсерлесуден әлем кубогы ұйымдастырылады.