06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада ҚТЖ ғимаратынан 3 600 қызметкер шұғыл эвакуацияланды

|
Photo: Фото: ҚТЖ
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада ҚТЖ ғимаратынан 3 600 қызметкер шұғыл эвакуацияланды

|
Photo: Фото: ҚТЖ

Астананың сол жағалауында орналасқан «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының 3 600 қызметкері эвакуацияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жоспарлы ірі ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығуы болды. Мұндай шаралар үш жылда бір рет өткізіліп, төтенше жағдайларға жедел ден қою деңгейін тексеруге мүмкіндік береді.

Оқу-жаттығу барысында:

- Жоғарғы қабаттардағы адамдарды эвакуациялау үшін көтергіш механизмдер қолданылды;

- Ғимараттың барлық қауіпсіздік жүйелері тексерілді;

- Өрт дабылы, түтін шығару және автоматты өрт сөндіру жүйелері сыналды.

Шартты өртті сөндіруге 14 арнайы техника, оның ішінде 10 негізгі және 4 қосалқы көлік, сондай-ақ Астана ТЖД жеке құрамы жұмылдырылды.

Барлық белгіленген міндет толық орындалды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқу-жаттығу төтенше жағдайлар кезінде компанияның қауіпсіздік жүйелерінің тиімділігін тексеруге және қызметкерлердің эвакуациялау тәртібін үйренуіне көмектесті.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗