Ауыр атлетика: Ксения Прозорова жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды

11 тамыз, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Ауыр атлетика: Ксения Прозорова жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Ташкентте (Өзбекстан) жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Жарыстың кезекті күнінде Қазақстандық Ксения Прозорова жеңіс тұғырына көтерілді.

Спортшы 61 келіге дейінгі жасөспірімдер санатында Азия чемпионы атанды. Қоссайыс қорытындысы бойынша Ксения 204 (94+110) келі көтерді.

Екінші орынды Өзбекстан өкілі Муниса Балтаева 200 (89+111) келі нәтижесімен иеленді. Иран спортшысы Хажар Седе 195 (90+105) келіні еңсеріп, үздік үштікті түйіндеді.