Президент өкімімен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы ауысты

Президент өкімімен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы ауысты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының өкімімен Әділ Мәлікұлы Сүбебаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен бұрын осы қызметті атқарған Қайрат Сапарбекұлы Дәуітов лауазымынан босатылды.