Әуе компаниясы үш күн бойы билеттерге 20% жеңілдік ұсынады

7 қазан, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Әуе компаниясы үш күн бойы билеттерге 20% жеңілдік ұсынады
Фото: FlyArystan

Қазақстандық лоукостер FlyArystan бірқатар ішкі және халықаралық бағыттар бойынша әуе билеттеріне 20% жеңілдік ұсынатын үш күндік науқан жариялайды. Сондай-ақ әуекомпанияның ресми сайты мен мобильді қосымшасында тарифтік топтамаларға 20% жеңілдік қолданылады., деп хабарлайды Elordainfo.kz әуе компаниясына сілтеме жасап. 

Науқан 2026 жылғы 7 қазаннан 9 қазанға дейін қоса алғанда өтеді. Науқан бойынша сапар кезеңі: 2026 жылғы 9 қарашадан 23 желтоқсанға дейін және 2027 жылғы 11 қаңтардан 3 наурызға дейін. Арнайы шарттар бойынша қолжетімді әуе билеттерінің саны шектеулі.

Әуе билеттеріне берілетін жеңілдік келесі ішкі бағыттарға қолданылады:

• Алматыдан: Ақтөбе, Шымкент, Қызылорда, Түркістан, Атырау, Астана, Ақтау, Өскемен, Орал қалаларына және кері бағытта.
• Астанадан: Ақтөбе, Шымкент, Қостанай, Семей, Атырау, Ақтау, Өскемен, Орал қалаларына және кері бағытта.
• Атыраудан: Шымкентке және кері бағытта.
• Ақтаудан: Шымкентке және кері бағытта.

Ұсынысқа Ақтау – Дубай – Ақтау және Алматы – Инин (Құлжа) – Алматы бағыттарын қоспағанда, FlyArystan-ның барлық халықаралық бағыттары да қатысады.

FlyArystan-ның ресми сайтында әуе билеттеріне жеңілдік автоматты түрде қолданылады. Мобильді қосымша арқылы билет сатып алу кезінде басты бетте «Bereke» промокодын енгізу қажет – брондаудың келесі кезеңіне өткен кезде жеңілдік автоматты түрде қолданылады.

Тарифтік топтамаға жеңілдік алу үшін жолаушы оны таңдап, брондауға қосуы қажет. Жеңілдік ескерілген пакет құны сатып алуды рәсімдеудің келесі кезеңінде автоматты түрде көрсетіледі.

FlyArystan жаңа ұсыныстар мен апталық науқандарды жіберіп алмау үшін әуекомпанияның ресми сайтындағы және әлеуметтік желілердегі парақшаларындағы жаңартуларды қадағалап отыруды ұсынады.

Еске салайық, бұған дейін Астана – Құлжа бағыты бойынша жаңа әуе рейсі ашылатыны туралы жаздық.