Атырау облысындағы кен орнында жұмысшылар жарақат алды
10 наурыз, 2025
фото: freepik.com
Атырау облысындағы Батыс Прорва кен орнында апатты жою кезінде жұмысшылар зардап шекті, деп хабарлады Elordainfo.kz Petrocouncil.kz-ке сілтеме жасап.
№437 ұңғыманы жабуға дайындық жұмыстары кезінде герметизациялау жүйесі бұзылған.
Оқиға мердігер ұйым жүргізген гидравликалық сынақтар барысында болған.
«Нәтижесінде бір жұмысшы кеуде тұсынан жарақат алды, бірақ ішкі органдары зақымданған жоқ. Қазіргі уақытта ол Құлсары қалалық орталық ауруханасында дәрігерлердің бақылауында. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Екінші жұмысшы медициналық тексеруден кейін үйіне жіберілді», – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Астанада 13-қабаттағы пәтер мен лоджияда өрт шықты
19 қыркүйек, 2026
Астанада пәтердегі өрт кезінде әйел құтқарылды
17 қыркүйек, 2026
Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
16 қыркүйек, 2026
Бас прокуратура ескертеді: Талдықорғандық трейдингке сеніп 7 млн теңгесінен айырылды