Астаналық оқушы АҚШ-та өткен халықаралық чемпионатта үздік атанды

Бүгін, 16:33
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық оқушы АҚШ-та өткен халықаралық чемпионатта үздік атанды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

АҚШ-та өткен FIDA USA Drone Soccer Championship халықаралық жарысында астаналық оқушылар жоғары нәтиже көрсетті. Еліміздің атынан қатысқан Астана қаласындағы №8 мектеп-лицейінің командасы ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жеке сайыста команда мүшесі Амантай Арсен 1-орын иеленіп, «Супер пилот» атанды. Ол жарыс барысында ерекше шеберлігімен, жылдам шешім қабылдау қабілетімен және техниканы жетік меңгеруімен көзге түсті. Бұл жетістік – оның табандылығы мен тынымсыз еңбегінің жемісі.

Команда жалпы есепте 2-орын алды. Бұл нәтиже – оқушылардың бірлігі мен ұстаздарының сапалы дайындығының айқын көрінісі.

Бұған дейін елордалық оқушы Еуропалық математикалық олимпиадада жеңімпаз атанған болатын.