Астанада жылы аялдамада темекі шеккен азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Астанада жылы аялдамада темекі шеккен азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада Сарыарқа аудандық полиция қызметкерлері қоғамдық орында темекі шеккен 55 жастағы азаматты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Құқық бұзушылық фактісі қаладағы жылы аялдаманың бірінде тіркелді. Азаматтың қоғамдық орында темекі шеккені анықталды.

Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, заңнамада көзделген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермеу – қоғамдық орындарда қолайлы, әрі қауіпсіз ортаны қалыптастырудың маңызды бөлігі екенін атап өтеді. Әсіресе жылы аялдамада азаматтар көп жиналатындықтан, белгіленбеген жерде темекі шегу айналадағы адамдарға қолайсыздық тудырады.

Еске сала кетсек, Елорданың Алматы ауданында тағы үш жылы аялдама павильоны орнатылады.