Елордада үш жаңа автобус бағыты іске қосылады

28 қараша, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Елордада үш жаңа автобус бағыты іске қосылады
Оңалхан Өнерхан

29 қарашадан бастап Астананың қоғамдық көлігіне үш жаңа бағдар қосылады. Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бағдарлар бағыттары:

- № 65 бағдар – Болашақ көшесі– «Отау» шағын ауданы;

- № 68 бағдар - «Газмашаппарат» АҚ – «Бағыстан» тұрғын үй кешені;

- № 78 бағдар - Ұлттық шұғыл медициналық үйлестіру орталығы – № 64 мектеп-лицейі қатынасымен жүреді.

Жаңа бағдарлар елорданың бірқатар маңызды нысандары бойымен жүреді. Мысалы, № 65 бағдар жаңадан ашылған С.Шаймерденов көшесімен қатынайды, № 68 бағыты «Бағыстан»ТК қаланың оң жағалауымен байланыстырып, К.Әзербаев және М.Жұмабаев  көшелерін қоғамдық көлікпен қамтамасыз етеді.

Жаңа бағыттардың жұмысы жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға және қоғамдық көлікпен қамтуды жақсартуға бағытталған.