Астанада Төле би көшесінің бөлігі бір айға жабылады

5 маусым, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада Төле би көшесінің бөлігі бір айға жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада 5 маусымнан 5 шілдеге дейін Төле би көшесінің Бұхар жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралығында жол жамылғысын жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Астана-Қарағанды тасжолы да уақытша жартылай жабылады.