31 тамыз күні елордада «Saryarqa Run» спорттық марафонының өтуіне байланысты бірнеше көше жабылады, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сонымен, 31 тамыз күні сағат 8:00-ден 10:00-ге дейін төменде көрсетілген көшелер жабылады:
- Бейбітшілік көшесі Кенесары көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін;
- Ә.Жангелдин көшесі Бейбітшілік көшесінен Жеңіс даңғылына дейін;
- Жеңіс даңғылы Бөгенбай батыр даңғылынан С.Сейфуллин көшесіне дейін;
- С.Сейфуллин көшесі Бейбітшілік көшесінен К.Күмісбеков көшесіне дейін;
- К.Күмісбеков көшесі Ә.Жангелдин көшесінен Кенесары көшесіне дейін;
- Кенесары көшесі К.Күмісбеков көшесінен М.Әуезов көшесіне дейін.
Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін Бейбітшілік көшесі, 9 ғимаратының жанында автотұрақ ұйымдастырылып, Т.Бигелдинов көшесі жағынан келу жүзеге асырылады.
