Астанада саяжай үйі өртенді: құтқарушылар екі газ баллонын алып шықты

5 маусым, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада саяжай үйі өртенді: құтқарушылар екі газ баллонын алып шықты
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Елордада өрт шыққан саяжай үйінен екі газ баллоны шығарылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Астана қаласының Есіл ауданында орналасқан «Авиатор» бау-бақша қоғамының аумағындағы саяжай үйлерінің бірінде өрт болды.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері жанып жатқан ғимараттан екі газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, өрттің жақын маңдағы нысандарға таралуына жол бермеді.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт қысқа мерзім ішінде толық сөндірілді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер болған жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Еске салсақ, Астана әуежайында өрт дабылы жүйесі жаңартылатынын жаздық.