Астанада отбасыларға арналған арт-терапия өткізілді

Астанада отбасыларға арналған арт-терапия өткізілді
Фото: Ұйымдастырушылар

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы Отбасы күніне арналған апталық аясында «Қоғамдық ақпарат қоры» ҚҚ-ның Restart жобасымен бірлесіп, отбасыларға арналған арт-терапия өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тренингтің мақсаты — қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету, ішкі тірегін қалыптастыру, өзіне деген сенімділігі мен коммуникативтік дағдыларын дамыту, сондай-ақ арт-терапиялық практикалар арқылы эмоциясын түсінуге және қауіпсіз түрде білдіруге жағдай жасау.

Кездесу барысында қатысушылар шығармашылық арқылы өз сезімін танып, ішкі ресурсын толықтыруға мүмкіндік алды.