Қайғылы оқиға бүгін Мұқан Төлебаев көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Төлебаев көшесінде орналасқан үйдің лифтісін жөндеу кезінде қайғылы жағдай салдарынан лифт компаниясының бір қызметкері оқиға орнында көз жұмды.
Тағы екі қызметкер №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Науқастардың бірінің жағдайы орташа ауыр, ал екіншісінікі ауыр деп бағаланып отыр. Бір науқас анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде, ал екіншісі политравма бөлімінде жатыр», - делінген Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Зардап шеккендерге қажетті барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Айта кетейік, елордада Chery маркалы көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көше жарығының бағанына соғылып, қаза тапқан болатын.