Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

20 мамыр, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада 23-24 мамыр күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде еліміздің әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс, жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш, табиғи шырындар, тосап, джем және басқа да тағамдарды тиімді бағамен сатып ала алады.

Іс-шара 23-24 мамыр күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығы аумағында өтеді.

Келушілердің ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобус маршруттары қатынайды.

Еске сала кетейік, Астана туралы үздік материалдарға арналған журналистер байқауы басталды.