12 қыркүйекте Астанада «Jana men kùz run» бұқаралық күзгі жарыс өтеді. Спорт іс-шарасы «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Триатлон саябағында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Жарыс сағат 09:00-де басталады. Қатысушылар 3, 5 немесе 10 шақырым үш қашықтықтың бірін таңдай алады. Қатысушылар саны 1 800 адаммен шектелген.
Жарысқа қатысу тегін. Онлайн тіркелу 9 қыркүйекте reg.elordasport.kz сайтында ашылады. Офлайн тіркелу қарастырылмаған. Старт нөмірлер 11 қыркүйек күні сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Триатлон саябағындағы «Арқар» көпірінің астында беріледі.
Жүгіру жарысының мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және елорда тұрғындарын тұрақты дене белсенділігіне тарту.
Астанада «Jana men kùz run» бұқаралық күзгі жүгіру жарысы өтеді
7 қыркүйек, 2026
Фото: Астана қаласы әкімдігі
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 10:44
Астанада студенттер арасында есірткіге қарсы Quiz ойыны өтті
5 қараша, 2026
ІІМ зорлық-зомбылық құрбандарына онлайн кеңес беретін акцияны іске қосады
5 қараша, 2026
Қазақстанда кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар саны азайды
5 қараша, 2026
Грузиядан Қазақстанға 4,5 млрд теңге залал келтірген күдікті экстрадицияланды