Астанада йога сабақтарының жазғы маусымы басталды

Бүгін, 13:11
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада йога сабақтарының жазғы маусымы басталды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада ашық аспан астында қала тұрғындары йога жаттығуын жасады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Орталық саябақта бас қосқандар бойы мен ойын сергітіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосты. Денсаулықты нығайтуға арналған жоба Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен іске асты. 

«Іс-шараға 40-тан астам адам қамтылып отыр. Салауатты ұлт – ел болашағының кепілі. Мұндағы мақсат салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды. Жаттығу барысында шараға қатысушылар білікті және тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен дене дайындығын жақсартуға бағытталған жаттығулар жасады. Бұл жаттығулар биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр», – деді Астана қаласы әкімдігінің спорттық- бұқаралық іс-шараларды өткізу дерекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Ұйымдастырушылардың айтуынша йога сабақтары жаздың үш айы бойы жалғасады. Мамандар йоганың адам денсаулығына тигізер пайдасы мол екенін атап өтті.

Еске салсақ, елордада үш ай бойы ашық аспан астында тегін йога жаттығулары өтетінін жаздық.