Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елордада кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 13 және 14 маусым күндері өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде еліміздің әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады.
«Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдер, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдер және басқа да тауарларды сатып ала алады», делінген хабарламада.
Іс-шара 13-14 маусым күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында өтеді.
Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынға жақын маңнан №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағыттағы автобустар қатынайды.
Еске салсақ, бұған дейін Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев елордадағы ірі сауда нысандарын аралаған болатын.