Астанада цехтан өрт шықты (ФОТО, ВИДЕО)
27 қазан, 2025
Фото: ТЖМ
Астанадағы Ақсай көшесі бойында орналасқан шаруашылық корпусында өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен екі сағаттай күресіп, өртті ауыздықтады.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өртке қарсы қызметі жоғарғы ранг бойынша жұмыс жасаған.

Өрт сөндірудің жедел штабы құрылып, 4 жауынгерлік учаске жұмыс істеді.

Астана уақытымен 08:58-де өрт оқшауланды.

Өрт 500 шаршы метр алаңда сөндірілді. Нақтыланған мәлімет бойынша, газ блоктарын шығаратын цех шатыры өртенген. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
21 желтоқсан, 2025
«Балаларға ойын арқылы қысым көрсетеді»: елімізде жаңа алаяқтық түрі пайда болды
20 желтоқсан, 2025
Банктен 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық Швециядан экстрадицияланды
19 желтоқсан, 2025
IIМ жүргізуші куәліктерін жедел ауыстыруға қатысты желіде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді
19 желтоқсан, 2025
Шымкенттегі заңсыз цех антисанитариялық жағдайда MacCoffee дайындаған