Астанада бір түнде 63 мың текше метрден астам қар шығарылды
13 наурыз, 2026
Фото: Астана қаласы әкімдігі
Өткен түні Астанада 63 132 текше метр қар сыртқа шығарылды. Бұл жұмысқа 3 652 ауыр жүк көлігі жұмылдырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
13 наурыз күні таңертең қаланы қар мен көктайғақтан тазартуға шамамен 1 791 арнайы техника мен 2 973 жол жұмысшысы тартылды.

«Алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік жолдары тазаланады. Одан кейін аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда тазалық жүргізіледі. Сондай-ақ тәулік бойы жолдар, тротуарлар мен көшелерге тұз себілуде» - деп хабарлады әкімдікте.

Жалпы, Елордада қыс мезгілі басталғалы бері 7 342 455 текше метр қар сыртқа шығарылған.
Еске салсақ, кеше бір түнде 42 мың текше метрден астам қар сыртқа шығарылғанын жазғанбыз.
Ұқсас жаңалықтар