Астанада Әл-Фараби даңғылы мен Керей Жәнібек хандар көшесінің қиылысы уақытша жабылады

Бүгін, 15:34
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанада Әл-Фараби даңғылы мен Керей Жәнібек хандар көшесінің қиылысы уақытша жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада Әл-Фараби даңғылы мен Керей Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жол жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысының уақытша толық жабылатын болады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Шектеулер 17 мамыр күні сағат 16:00-ден 18 мамыр күні сағат 09:00-ге дейін енгізіледі.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.