Астана тұрғындарына тегін заңгерлік көмек көрсетіледі
23 қаңтар, 2026
Фото: Оңалхан Өнерхан
Астанада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында «Халық заңгері» және «Құқықтық дәріхана» акциясы өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Іс-шара 30 қаңтар күні сағат 16:00-де басталады.
Жиында елорда тұрғындарына тегін заң көмегі көрсетіледі. Сол сияқты құқықтық мәселелерді жедел шешуге жәрдемдесуге, құқық қолдану тәжірибесіндегі қосымша талдауды және заңнаманы одан әрі жетілдіруді қажет ететін түйткілді тұстарды анықтау үшін жәрдем беріледі.
Акция барысында мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ елдің жетекші заңгерлері мен адвокаттары азаматтарды жеке қабылдап, құқықтық мәселелердің кең ауқымы бойынша кеңес береді.
Айта кетейік, іс-шара тегін ұйымдастырылады.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
LRT-ның екінші кезеңі: Қосшы бағытындағы алғашқы баған дайындалды
3 мамыр, 2026
Астанадағы жәрмеңкеде өңірлерден келген 30-ға жуық кәсіпкер өнімін ұсынды
3 мамыр, 2026
Астанада қала сыртындағы айналма жолдың бір бөлігі жабылады
3 мамыр, 2026
Астанада 440-тан астам студент әскери ант қабылдады