«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласы прокуратурасының қызметкерлері кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Kazakhstan Paramount Engineering» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Кездесу барысында еңбек заңнамасының нормалары, қылмыстық заңнамадағы өзекті өзгерістер түсіндіріліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңға бағынушылық қағидаттарын нығайтуға және кең таралған құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды.
Астана қаласының прокуратурасы заңдылықты нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмысты жалғастырады.
Астана прокуратурасы инновациялық кәсіпорын ұжымына еңбек заңнамасындағы өзгерісті түсіндірді
23 маусым, 2026
Астана қалалық прокуратурасы видеосының скрині
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:09
Астанадағы бұқаралық жүгіріске қала тұрғыны қазақ тазысымен бірге қатысты
Бүгін, 10:32
Елордада жазғы маусымның қорытынды жүгірісіне 2 мыңға жуық адам қатысты
9 қазан, 2026
«Заң мен тәртіп»: елорда колледждерінде 500 студентке дроппер ісінің қаупі түсіндірілді
9 қазан, 2026
Елордада ер адамдарды алдап кездесуге шақырып, бопсалағандар сотталды