Аружан Сағындықова Үндістандағы турнирдің финалында өнер көрсетеді
2 қаңтар, 2026
Фото: Sports.kz
Қазақстандық теннисші, 21 жастағы Аружан Сағындықова жұптық сында Ахмедабад (Үндістан) ITF W15 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлады Elordainfo.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Аружан Сағындықова ресейлік Мария Головинамен бірге жартылай финалда үндістандықтар Иенси Дипакай Канабар – Ангел Пателмен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Аружан мен Мария 6:4 есебімен басым түсті.
Екінші сетте қарқынын үдете түсті – 6:1.
Қазақстандық-ресейлік дуэттің финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Брисбен турнирінде Юлия Путинцеваның Брисбен турнирін жеңіспен бастағанын жазған едік.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Триатлоннан Қазақстан құрамасы Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды
3 мамыр, 2026
Ахмади Маханов Қытайдағы турнирдің чемпионы атанды
2 мамыр, 2026
Әртістік жүзуден Қытайда өткен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы үш медаль иеленді
2 мамыр, 2026
Елордада футболдан діни конфессиялар арасындағы турнир басталды