АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстанның Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады
АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Құрметті Президент мырза!
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында жылы лебізімді қабыл алыңыз!
Миллиондаған қазақстандық Астанада және елдің түкпір-түкпірінде 1991 жылы республика Тәуелсіздігі жарияланғаннан бері көздің қарашығындай сақтап, еселей түскен бай мәдениетін, тарихи мұрасын және қайталанбас келбетін ерекше мақтанышпен паш етеді.
Мемлекеттеріміз арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалаймын және мен президенттік лауазымды атқарған екі мерзімде қалыптасқан берік байланысты одан әрі нығайтамыз деп сенемін.
Қазақстан халқының бағына орай, Сіз сияқты тегеурінді әрі батыл көшбасшысы бар. Осы қуанышты сәтті сіздермен бөлісу – мен үшін зор мәртебе», - делінген құттықтау хатта.

Еске салсақ, БРИКС саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен кездесті.