Референдум-2026

Ақмола облысында қажетті 10 жылдық еңбегіне қарамастан, дәрігер баспанасыз қала жаздады

Бүгін, 10:19
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Ақмола облысында қажетті 10 жылдық еңбегіне қарамастан, дәрігер баспанасыз қала жаздады
Фото: Magnific.соm

Степногорск қаласының прокуратурасы жалпы тәжірибелік дәрігердің қызметтік пәтерді жекешелендіру құқығын қорғады, деп хабарлайды Elordainfo.kz облыс прокуратурасына сілтеме жасап. 

Дәрігер 2013 жылы жас маман ретінде қызметтік тұрғын үй алып, қажетті 10 жыл еңбек өтілін адал атқарған. Алайда қалалық емхананың жеке компанияның сенімгерлік басқаруына берілуіне байланысты оған пәтерді жекешелендіруден бас тартылған.

Прокуратура жүргізген тексеру нәтижесінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты қызметкердің тұрғын үй құқықтарын шектемейтіні анықталды. 

«Прокуратураның араласуымен заңсыз кедергілер жойылып, медицина қызметкерінің қызметтік пәтерді жекешелендіруге құқығы ресми түрде танылды», - делінген ақпаратта. 

Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысында медицина қызметкерлерін қолдау және өңірдің кадрлар үшін тартымдылығын арттыру мақсатында Дәрігерлер үйінің құрылысын бастау жұмыстары қолға алынғанын жаздық.