Референдум-2026

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған Үндістан азаматтары елден шығарылды

Бүгін, 11:15
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған Үндістан азаматтары елден шығарылды
Фото: Magnific.соm

Алматыдан көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған Үндістан Республикасының 35 азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Алматы қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап. 

«Олардың барлығы елімізде болуға рұқсат етілген мерзімнен асып кетіп, Қазақстан аумағында заңсыз жүрген», - делінген хабарламада. 

Нысаналы іс-шаралар барысында Алматы қаласы Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері шетел азаматтарының жүрген жерін анықтап, оларды ұстады. Сот шешімімен құқық бұзушылардың барлығы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылып, полиция қызметкерлері оларды әуежайдағы шекаралық және паспорттық бақылаудан өткенге дейін алып жүрді.

Сонымен қатар, шетел азаматтарының белгіленген болу мерзімі аяқталғаннан кейін олардың елден уақытылы шығуын қамтамасыз етпеген қабылдаушы тараптар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция көші-қон заңнамасының талаптарын сақтау шетел азаматтары үшін де, оларды Қазақстан Республикасының аумағында қабылдайтын тұлғалар үшін де міндетті екенін еске салады. Бұл бағыттағы бақылау жұмыстары жалғасуда.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда бір мыңдай адамды пәтеріне тіркеген қала тұрғынының бостандығы шектелгені туралы жаздық.