14.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматы мен Шымкентті байланыстыратын төрт жолақты күре жол толық іске қосылды

|
Photo: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматы мен Шымкентті байланыстыратын төрт жолақты күре жол толық іске қосылды

|
Photo: freepik.com

Бүгін 42 шақырымдық «Ұзынағаш – Отар» күре жолы пайдалануға берілді. Магистральді жаңарту толығымен аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, енді төрт жолақты күре жолдың арқасында Алматы мен Шымкент арасында қатынау әлдеқайда ыңғайлы әрі қауіпсіз болмақ.

«Бұл магистральдің өткізу қабілетін арттырып, жол жүру уақытын қысқартады, қозғалыс қауіпсіздігін жақсартады және өңірлер арасындағы көлік байланыстарын нығайтып, Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық қатынастарды одан әрі күшейтері сөзсіз», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Ұзынағаш – Отар» күре жолында негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары былтыр басталып, екі жылда толық аяқталып отыр.

Жобаға 163 техника, 290 маман жұмылдырылып, екі асфальт-бетон зауыты мен төрт жол-құрылыс басқармасы жұмыс істеген.

Жаңа жол арқылы алғашқы болып 15 көліктен тұратын автоколонна жүріп өткен.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗