Алматы базарында 13 мыңнан астам заңсыз әкелінген тауық жұмыртқасы сатылымға шығарылған

11 маусым, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Алматы базарында 13 мыңнан астам заңсыз әкелінген тауық жұмыртқасы сатылымға шығарылған
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Алматы қаласының базарларының бірінде 13 мыңнан астам заңсыз әкелінген тауық жұмыртқасы анықталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап. 

Инспекция мамандары «Барыс-IV» базарын тексеру барысында ветеринариялық ілеспе құжаттары жоқ, тиісті таңбаланбаған және арнайы қаптамасыз сатылымға шығарылған тауық жұмыртқаларын анықтады.

Заңсыз айналымнан жалпы саны 13 680 дана өнім алынды.

Қолданылған әкімшілік шаралар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес хаттамалар толтырылып, кінәлі тұлғаларға жалпы сомасы 1 297 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Тәркіленген жұмыртқа қалалық мал қорымындағы «Беккер шұңқырына» тасталды.

Көтерме және бөлшек сауда ұйымдарының басшыларына ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.