Елімізде алдағы күндері күн суытады
21 мамыр, 2025
фото: Оңалхан Өнерхан
«Қазгидромет» РМК алдағы күндері елімізде ауа рай салқындайтыны жөнінде болжам жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігіне өз әсерін тигізеді, жаңбыр, найзағай және ауаның жоғары температурасы сақталады.
«Алайда, 24 мамырда солтүстік антициклон ел аумағына басып кіре бастайды. Жаңбыр әлі де сақталатынына қарамастан, антициклон ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі, оны әсіресе солтүстік аймақтардың тұрғындары сезінеді-түнгі уақытта термометрлердің бағандары 3-8 жылуға, ал күндізгі уақытта 10-15 жылуға дейін төмендейді», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
18 қыркүйек, 2026
Белгілі журналист әрі спорт комментаторы Ғалым Сүлеймен өмірден өтті
18 қыркүйек, 2026
«Тұмар» және «Үркер» мерейтойлық ұлттық сыйлықтарына өтінім қабылдау басталды
18 қыркүйек, 2026
Пияз, картоп, сәбіз: Елімізде бірқатар азық-түлік арзандады
16 қыркүйек, 2026
Shin-Line Group пен Кореяның Foodpolis институты Қазақстанда алғашқы азық-түлік кластерін құрады