Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Жетісу облысында Ақши ауылының маңындағы Алакөл көлін патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары дельтапланмен ұшу кезінде суға құлаған 2 адамды құтқарды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Ер мен әйел адам медицина қызметкерлеріне берілді. Қаза тапқандар жоқ.
Ал Азаматтық авиа комитеті бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізілетінін айтты.