Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгін Алакөл жағалауында ересектердің қарауынсыз қалған 2017 және 2018 жылы туған екі бала демалыс орны аумағынан өз бетінше шығып, адасып кеткен, – делінген хабарламада.
Жедел іздестіру шаралары кезінде екі бүлдіршін демалыс аймағынан 1,5 шақырым жердегі көл жағасынан табылды. Балалар ата-аналарына тапсырылған.
Министрлік ересектерді балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.