13.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

453 миллион теңге: Қуандық Бишімбаевтың анасы туысымен соттасып жатыр

|
Photo: Жоғарғы сот: видеодан скрин
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

453 миллион теңге: Қуандық Бишімбаевтың анасы туысымен соттасып жатыр

|
Photo: Жоғарғы сот: видеодан скрин

Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында Бекзат Кемеловаға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Істегі жәбірленуші — Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты сотталған бұрынғы министрдің анасы Альмира Нұрлыбекова, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Аталған істі судья Назгүл Бапақова жүргізіп отыр.

Материалдарға сүйенсек, Альмира Нұрлыбекова өзінің туысы Бекзат Кемелованы 990 мың АҚШ долларын (айыптау актісіне сәйкес 453 млн 182 мың 400 теңге) иемденді деп айыптап отыр.

Талқылау басында жәбірленушінің адвокаты Ерлан Ғазымжанов соттан Бекзат Кемеловадан келтірілген шығын сомасын өндіруді сұрады.

Айыптау актісі жарияланған соң судья айыпталушыдан айыппен келісетін-келіспейтінін нақтылады. Бекзат Кемелова өз кінәсін мойындамады.

Қазіргі уақытта сотта жәбірленушінің жауабы тыңдалып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗