250-ден астам travel-блогер Алматы туралы әлемге баяндайды

Бүгін, 17:13
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
250-ден астам travel-блогер Алматы туралы әлемге баяндайды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінен

20–23 тамыз аралығында Алматыда Орталық Азияда алғаш рет travel-блогерлер, журналистер және туризм индустриясының өкілдеріне арналған әлемдегі ең ірі халықаралық алаңдардың бірі TBEX Asia 2026 іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қалаға әлемнің әр түкпірінен 250-ден астам қатысушы келді. Олардың медиа-платформаларындағы жалпы аудитория саны 300 миллион адамға жетеді.

Қонақтар Алматының табиғатымен, ұлттық тағамдарымен және мәдениетімен танысып, фото-бейне түсіріп, әсерін әлеуметтік желілер мен медиа арқылы аудиториясына айтып жатыр.

 22–23 тамызда TBEX-тің негізгі бағдарламасы өтеді: халықаралық сарапшылардың баяндамалары, тақырыптық сессиялар және туризм индустриясы өкілдерінің кездесулері ұйымдастырылады.

«TBEX-тің Алматыда өтуі қаламыз бен Қазақстанды әлемнің түкпір-түкпіріндегі саяхатшылар арасында кеңінен танытуға жол ашады», - дейді әкімдік өкілдері. 

Еске салайық, бұған дейін блогер Астанадағы ерекше бұрқақ туралы айтқаны туралы жаздық.