Референдум-2026

2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранттарының бөлінісі жарияланды

Бүгін, 12:21
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранттарының бөлінісі жарияланды
Фото: magnific.com

Жаңа оқу жылына бөлінген гранттар мен квоталар туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есинбаева тоқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Мемлекеттік білім беру тапсырысы еңбек нарығының білікті кадрларға қажеттілігіне сәйкес қалыптастырылады. Биыл гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық, 20%-ы педагогикалық, ал 20%-ы басқа бағыттарға бөлінді.

2026-2027 оқу жылына бакалавриат бағдарламалары бойынша шамамен 75 мың білім беру гранты қарастырылды. Конкурсқа 127 мыңға жуық өтініш қабылданып, гранттар ҰБТ нәтижелері, талапкерлердің таңдауы және заңнамада белгіленген квоталар ескеріле отырып тағайындалды», - деді Жанна Есинбаева.

Талапкерлер арасында «Аударма ісі», «Халықаралық қатынастар», «Құқық», «Психология», «Қаржы» және педагогикалық бағыттар жоғары сұранысқа ие болды.

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының қорытындылары 7 тамыз күні сағат 15.00-де төмендегі негізгі әрі ресми ақпарат көздерінде жарияланады. 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің ресми парақшалары:

https://t.me/SayasatNurbekOfficial

https://www.facebook.com/sayasat

https://www.instagram.com/sayasatnurbek/

https://sayasatnurbek.com/

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпарат көздері:

https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk

https://t.me/gylym_jogary_bilim

https://www.facebook.com/gylym.jogarybilim

https://www.instagram.com/gylym_jogarybilim/